#Тараз: Қасиетті шағбан айы аталып өтті

#Тараз: Қасиетті шағбан айы аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы «Ар рахман Ар рахим» мешітінің әйел қыздар секторының  ұстазы Зора Айдарованың ұйымдастырыуымен шағбан айына арнап іс шара өткізді. Арнайы қонақ ретінде «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Жазира Иманалиева шақырылған болатын. Ұжымға арнап дастархан жайылып, мешіт имамы Амангелді Ембернов пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) арналған Құран хатымды аяқтап, арнайы дұғасын жасады.

Аталмыш шарадан 1 апта бұрын мешіт шәкірттері арасында Салауат айту жарысы бастау алған болатын. Осы жарыстың нәтижесі қорынтыдыланып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен «Шәмәил Мухаммадия» кітабы тарту етілді. Шара соңында сұрақ-жауап айдары өтіп және барша мұсылмандарға дұға жасалды.

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: