#Байзақ: РАНТ МҮШЕСІ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫНА ҚАТЫСТЫ

#Байзақ: РАНТ МҮШЕСІ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫНА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен Шағбан айының құрметіне орталық мешітте ауызашар дастарханы жайылды. Дастархан басында Республикалық ақпараттық насихат тобынының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бірінші наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы мешіт жамағатына насихат айтты.

Насихат барысында Нұрәлі Бақытұлы: «Ақиқа – араб тілінде «туылған нәрестенің шашы» дегенді білдіреді. Ал, шариғаттағы мағынасы: «Ол – сәбидің дүниеге келуіне орай Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық». Ақиқа құрбандығына байланысты Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хасан мен Хүсейінге бір-бір қойдан сойғандығы туралы риуаят келген. Сондай-ақ туылған ұл балаға екі, қыз балаға бір қой сойылатыны жайында да хадистер жеткен. Осы деректерді алға тартып ақиқаның үкімін сүннет деген ғалымдар бар», - деп ақиқа құрбаны жайында мағұлматтар беріп өтті.    

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: