#Байзақ: «ЖАНЫС БАБА» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТТЫ

#Байзақ: «ЖАНЫС БАБА» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылдық «ән-Нағим» мешітінің имамы Сейдали Тафильбекұлының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы жайылды. Дастархан басында мешіт жамағатына «Жаныс баба» мешітінің имамы Абдулбари Маденұлы адамзатқа параллелді әлем – жындар әлемін сөз етті.

Абдулбари қажы өз насихатында: «Құранда «Жын» сөзі негізінен «инсан» (адам) сөзіне антоним ретінде қолданылып, сезім мүшелерімізбен байқауға келмейтін рухани әлем иелеріне берілген есім. Сондықтан да бұл ұғым пері, шайтан мен жындардың жалпы атауы ретінде қолданылады. Бірақ, әрбір періште көзге көрінбейтін жалпы (жинни) жын атауының мағыналық ұғымына кіргенімен әрбір жын періште емес. Аталмыш үш әлемнің (періште, жын, шайтан) әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, әрдайым Алла Тағаланың әмірімен қайырлы, оң істердің басында періштелер тұратын болса, шайтан – пендені тек алдап‑арбаумен, жамандыққа итермелеумен айналысады. Ал, жындарда осы екі рухани әлемнің де қасиеттері бар. Олардың мұсылмандары да, кәпірлері де болады.

Асылында, біздің ұғымымыздағы «дию», «пері» деген атаулар парсы тіліндегі  «жын» сөзінің баламасы. Сондықтан жын, дию, пері деген сөздер көбіне бір мағынада қолданыла беретіндегін айта кеткен орынды», деп, «Жындардың адам баласына зияны» тақыбында уағыз айтты.


ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: