Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық мешітінің имамы Нұргелді Рахметілдаевтің ұйытқы болуымен ауыл жастары футболдан ашық турнир өткізді. Спорттық жарысқа ауыл жастарымен қатар мешіт жамағаты да қатысты. Жарыс жеңімпаздарына яғни, алғашқы 3 орынға мақтау қағазы мен қомақты қаржы табысталды.
Ауру – зиянның алдын алмағандықтан, денсаулықты күтпегендіктен пайда болады. «Ауырып ем ізедегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, адам баласы кез-келген сырқатқа себепші болатын, денсаулығына кері әсерін тигізетін істерден сақтануы қажет. Ал денсаулығын тиісті дәрежеде күтпеген адам ауруға өзі себепші болады.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі