ҚАБІР БАСЫНА БАРУ ӘДЕБІ

ҚАБІР БАСЫНА БАРУ ӘДЕБІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам  өмір сүру әдебін үйрететін бірден-бір дұрыс дін. Шариғаттың үкімі әуелі Құран  екінші хадистер жинағынан құралады. Яғни осы дүние мен ақырет өміріне қатысты барлық ақпараттар осы екі кітаптың ішінен алынады.

Өмір болғаннан кейін қаншама жақын туыстарымыз дүниеден озып жатады. Олардың ақыларына Құран оқып, дұға жасау үшін қабірлерінің басына барып тұруымыз қажет. Қабір басында шариғаттың шеңберінен шықпай дұрыс іс-әрекет жасау әрбір мұсылманның міндетінен болып табылады.

Жалпы дінімізде зират әдебі қандай?

Жалпы адам қабірге екі жағдайда барады. Бірі - қабірде жатқан жақынына дұға жасау мақсатында. Екіншісі, өзініңде дүниеден озатындығын еске алу үшін. Қабірге зиарат етіп барған адам артық дүнияуи әңгімеден аулақ болғаны дұрыс. Алла ұнатпайтын кейбір амалдар бар, солардың бірі қабір басында дүнияуи сөзді сөйлеу.

Қабірге барғанда мақсат пен ниетті айқындап алғанымыз дұрыс. Себебі ішкі сенімнің дұрыс болуы маңызды болмақ. Бұлай деуіміз өлген адамнан бала тілеп, жолымды ашагөр, тілегімді қабыл ет деп тілек-тілеп жатқан жандарды да байқап жатамыз. Бұл ашық адасу болмақ.  Ал кейбір адамдар зират басында  гүбір-гүбір әңгіме айту мен шылым тартуды қалыпты әдетке айналдырып алған. Дәретхана іздеп кететіндеріде тағы бар.  Бұның  барлығы шариғатқа қайшы амалдар екендігін ескеруіміз қажет.

Қабірге барғанда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткен сәлем түрін айту сүннет амал болып есептеледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бейіт басынан өткенде осы дұғаны айтып сәлемдесетін болған. Имам мүслим жеткізген сахих хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларын қабірге барғанда, қабір иелеріне де амандасуды үйреткен хадисі: "Момын - мұсылмандар болған қабір иелеріне сәлем - саулық болғай! Және бізде сендердің арттарыңнан ілесушілерденбіз. Алладан өзіміз үшін және сендер үшін (азаптан) амандық сұраймыз!", - дейді. Яғни қабірге барғанда қабір иелеріне сәлем беріп әрі олар үшін Алладан дұға сұрау ол сүннет амалдан болып табылады екен.

Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта, бір күні Алла Елшісі қайтыс болғандарға дұға жасау үшін "Бақиъ" Зиратына барады. Сонда Айша анамыз Пайғамбарымыздан (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зиратқа не үшін барғанын сұрағанда Алла Елшісі: "Расында мен оларға дұға жасауға бұйырылдым", - дейді.  Демек осы бір хадистен түсінгеніміз біз қабірдегі әруақтарға емес олар біздің дұғамызға мұқтаж екендігін аңғарамыз.

Рысбай Еспенбетов

Мойынқұм ауданының бас имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: