#Меркі ауданы: Шәкіртке ауыл жастарынан көмек берілді

#Меркі ауданы: Шәкіртке ауыл жастарынан көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Қызылсай ауылының жастары ауылдан білім алып жатқан шәкіртке қаржылай сыйлықтарын табыстады.

2023-2024 жылғы оқу жылында Қызылсай ауылынан «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің қарилар дайындау орталығына 1 шәкірт түсіп, білім алып жатыр.

Осы орайда, аудан имамы ауыл жастарын жинап, шәкіртке қолдау көрсету керектігін жеткізіп, оның сауабы туралы уағыз-насихат жүргізген болатын.

Көп ұзамай ауыл жастары жиналып, шәкіртке көмек қолдарын созып, бұл бастамасы ғана екенін жеткізген. Көмекті аудан имамы арнайы өзі табыстап, шәкірттің ата-анасымен жолғып қайтты. АллаТағала Елімізден, Жерімізден Құран жаттаған қари, хафыздардың көптеп шығуын нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Мерк» ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: