#Меркі ауданы: Мешіт дәретханасы жаңартылуда

#Меркі ауданы: Мешіт дәретханасы жаңартылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қазақ Дихан ауылы «Әкімжан ата» мешітінің имамы Ұшақбаев Ержанның бастамасымен мешіт дәретханасы заман талабына сай күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Аудан имамы Азамат Берікұлы Қазақ Дихан ауылын зиярат етіп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Ауыл имамы мешіттің жағдайын баяндап, болашаққа жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында аудан имамы ауыл ақсақалдарының батасын алып қайтты.

Мешіттің ескі дәретханасы сыртта болатын. Жамағаттың сұранысы бойынша дәретхананың жөндеу жұмыстары басталып, мешіт артындағы бос орынға дәретхана қабырғасы қоршалған болатын. Бүгінгі таңда қабырғалары өңделіп, суы ішке кіргізіліп, газ құбырын жүргізіп, жылыту жүйесін орнатып, кәріз құбырлары жүргізілді.

Осы игі іске атсалысып жатқан барша ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала мешітке қарайласып жүрген барша тұрғындардың ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: