#Меркі ауданы: Науқастың қалін сұрау – мұсылманның міндеті

#Меркі ауданы: Науқастың қалін сұрау – мұсылманның міндеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты қызметкердің сырқаттанып, жан сақтау бөліміне түсіп қалғанын естіп, аудан имам-молдаларына дұғада болуларын өтінген еді.

Мешіт қызметкерінің аудандық емханада жан сақтау бөлімінен басқа бөлмеге ауысқанын естіп, дереу қал жағдайын білу үшін Тәтті ауылының имамы Асхат Көпбосыновты зиярат етіп қайтты.

Зиярат етіп келген бауырларын көрген Асхат ағамыз көзіне жас алып, көңілі босап, алғысын білдірді. Алла Тағала Асхат ағамызға шипа беріп, ғұмыр жасын ұзақ қылсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: