Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран-соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, ханиф (тура) діннің үні әрі Ислам шариғатының ата заңы. Алла тағала: "Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер", – десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Айша (р.а.) анамыздан келген риуаятта: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген.
Рахман мешітінде Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізілді. Аудандық Қордай мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен Әжелер алқасы мүшелері қонақ болып келіп, уағыз-насихат айтып, шәкірттерге тәж кигізу рәсімі Эльмира ұстазға табысталып, кеш соңы дастархан басында бас қосумен жалғасын тапты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі