Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылдық «Жаныс баба» мешітінің имамы Абдулбари Мәденұлы ауыл жастарының демеушілігімен жағдайы төмен 5 мұқтаж отбасыға азық-түлік салынған пакеттер үлестіріп берді.
Қайырымдылық шара қасиетті Ережеп айының құрметіне ұйымдастырылып, игі іске 60 000 теңге жұмсалды. Көмек алған отбасылар ауыл имамына өз ризашылықтарын білдірді.



14 Қараша 2025
23 Джумада-авваль 1447

