Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының бастамасымен, Қазақстан мемлекетіне көшіп келген бір отбасының құжаттарын рәсімдеу, әрі жүріп-тұруына 25 000 теңге қаражаттай көмек берілді.
Қазақ халқы қашанда жетімін жылатпаған, жесірін қанғытпаған. Сырттан келген қандастарымызға қолдан келген жәрдемдесу барша адамзаттың міндеті болып табылады. Көмек алған қандасымыз мешіт ұжымына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.