#Қордай: "Қарттарым асыл қазынам" атты рухани кеш өтті

#Қордай: "Қарттарым асыл қазынам" атты рухани кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымызда, «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қазақ қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Бүгінде қазақтың әрбір үйінен отбасы мүшелеріне ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы «Рахман» мешітінің ұстазы Айгүл Дүзелбаеваның ұйымдастыруымен Раджап айында «Қарттарым - асыл қазынам» атты рухани кеш өтті. Кешті Құран аяттарын оқумен Айдана Қуандыққызы ашты. Кеште “Рахман” мешітінің әжелер алқасы құрылды. Бұл “Рахман” мешітінің әжелер алқасының бірінші іс-шарасы болды. Әжелер алқасы мүшелері сөз сөйлеп, келген жамағатқа әжелердің отбасындағы орны туралы және әжелер мектебінің қаншалықты маңызды екені туралы насихат айтты. Монолог оқылып, көріністер көрсетілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: