QAMQOR-SHARAPAT: Тараз шаһарында зираттарды цифрландыру жұмыстары басталды

QAMQOR-SHARAPAT: Тараз шаһарында зираттарды цифрландыру жұмыстары басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ "QAMQOR-SHARAPAT" салттық қызмет көрсету орталығының қызметін цифрландыру жұмыстары бойынша облыстық семинар өтті.

Шараға ҚМДБ "QAMQOR-SHARAPAT" орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, «Sharapat Digital» ЖШС-ның директоры Еркін Тойжанов, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамының уақытша міндетін атқарушы Ғалымбек Жапек,  Дін істері басқармасының бас маманы Самғат Мутанов баяндама жасады. Жиынға Дін істері басқармасының мамандары, "Көне Тараз ескерткіштері" ұйымы, Мәдениет және архив, құжаттама басқармасы, облыстық Ардагерлер алқасы, Тараз шаһарының имамдары, христиан дінінің өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Бас қосуда дамыған заманауи мемлекеттер сияқты зират салуда жарыспай, бір ізділікке түсіру, зираттарды цифрландыру және оның мақсаты сөз болып, түсіндіріліп өтті.

"Біз зират үшін салық салатын мекеме емеспіз, біздің мақсатымыз - тек жерлеу, зират қою мәселесін дінге сай жүргізу, зират салуда жарысуды тоқтату, қайта халықтың қолданысын жеңілдету" - деп атап өтті "QAMQOR-SHARAPAT" орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы.

"Зиратты цифрландыру дегенді естігенде кейбір кісілер түсінбей, байбалам салуы мүмкін. Алайда ол барлық дамыған мемлекеттерде бар дүние. Біздің елімізде Астана қаласында жасалды, қазіргі уақытта Түркістан мен Шымкент қаласы цифрландырылуда. Ендігі кезек Тараз қаласына да келіп жетті. Бұл мақсатта jerleu.kz платформасы мен мобильді қосымшасы іске қосылған. Мәселен, Таразда 30-дан астам мазар бар. Бағдарлама туысын зиярат етіп баруға көмекші, марқұмның қай зиратта жатқанын білуге, табуға арналған құрал. Цифровизация барлық салада іске қосылған. Бұл жоспарды іске асыру үшін мемлекеттің қолдауымен, рұқсатымен аэрофотосъемка жасалуда.  Бағдарлама арқылы марқұмның қайтыс болғаны туралы анықтама алу жеңілдейді," - деді бағдарламаны түсіндіріп өткен Еркін Тойжанов

Ардагерлер алқасы, имамдар кезекпе кезек жаңа жобаға қатысты өз сұрақтарын қойып, халық арасындағы көкейкесті мәселелерді жеткізіп нақты жауаптар алды. Ғалымбек Жапек ақсақалдардың сұрақтарына жауап беріп, Елордадан келген мамандар қосымшаның сәуір айында App Store мен Play Market-те қол жетімді болатынын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: