#Меркі ауданы: Қайырлы кездесу

#Меркі ауданы: Қайырлы кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Екпінді ауылы «Рахымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікхан ауыл әкімшілігіндегі қайырлы кездесуге қатысып қайтты.

Жиында ауылға қарасты аз қамтылған, қарапайым отбасыларды жағдайы сөз болды. Келелі жиында мешіт атынан қаржылай көмек табысталды. Атап айтсақ, Сарымолдаев ауылдық округінде тұратын аз қамтылған, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға көмек ретінде Екпінді ауылының тұрғыны кәсіпкер ағамыз 200 мың теңге және «Рахымбай ата» мешітінің атынан 200 мың теңге көлемінде көмек берілді.

Ауыл әкімі қайырымды іс-шараны ұйымдастырып, есебін беретінін жеткізді. Алла Тағала ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: