#Меркі ауданы: Андас батыр жамағаты ақ дастарханда бас қосты

#Меркі ауданы: Андас батыр жамағаты ақ дастарханда бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Андас батыр ауылы «Андас батыр» мешітінің имам Ташкентбаев Амангелді бастаған мешіт жамағаты ауылдық округке қарасты 4 мешіт жамағатының басын қосып, «Рағайып түнін» ақ дастархан жайып, қарсы алды.

Жиында ауыл имамдары «Рағайып түні», Ережап, Шағбан, Рамазан айлары және қасиетті түндер, парыз амалдар, тыйым салынған істер, жәннәт пен ақырет күні туралы уағыз насихат жүргізді.

Жиын соңында жамағаттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Ауыл жамағаттары осы игі іс-шараны ұйымдастырып отырған мешіт қызметкері мен жамағаттағы ағалар мен бауырларымызға алғыстарын білдіріп, рахметтерін айтты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: