#Меркі ауданы: Әйел-қыздарға арналған рухани кеш өтті

#Меркі ауданы: Әйел-қыздарға арналған рухани кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен мешіт асханасында өңірге қарасты әйел-қыздар жамағаты ақ дастархан басында бас қосты.

Әйел-қыздар жамағатының да рухани білімдерін арттырып, қоғамда болып жатқан кейбір мәселелердің алдын алу мақсатындағы жасалған шара Құран оқумен басталып, Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының сөзімен жалғасты.

Бас имам жиынға арнайы іс-сапармен келген Жамбыл облысы әйел-қыздар секторы жетекшісі Жазира Полатқызын және «Кенесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызын әйел жамағатына таныстырып, жиын рухани уағызбен жалғасты.

Облыстан арнайы келген ұстаздардың иманға беріктік, Алла мен пенденің арасындағы қарым қатынас, әйел адамның рухани дамуы төңірегінде уағыз-насихаты айтылды. Жиынға келген апалар да өз өнегелерімен бөлісіп, көркем әңгіме өрбітті. Көпшілік ұстазға алғыстарын білдіріп, ақ жаулықты аналар батасын берді. 

Одан өзге, ақ дастархан 250 адамға жайылып, Қасиетті Ережеп айын ескере отырып барлық қатысушыға қағазға жазылған «Сауапты амал жасаймын» атты түрлі тапсырмалар таратылды.

Сонымен қатар, рухани кеш барысында «Меркі ата» мешітнің шәкірттері ғибратты әрі өнегелі арнайы қойылым көрсетті және іс-шараға қатысушылар арасында сұрақ-жауап форматында ойын ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді.

Шара соңында әйел-қыздар жамағаты көкейлерінде жүрген көкейкесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Меркі ауданы әйел-қыздар жамағаты бас имамның бұл ісіне разы болып, осындай игі істің алдағы уақытта да ұйымдастырылуын өтінді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: