КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ДІН МАМАНЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ДІН МАМАНЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі секторының жетекшісі Есет Таласбаевтың ұйымдастыруымен Тараз қалалық №4 кітапханасында «Жастар және Дәстүр» тақырыбында кездесу өтті. 

Шараға Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысып, "Әл-Фирдаус" мешітінің имамы Нүсіпжан Маратбекұлымен пікірлесті. Білікті дін маманы жастарға дінде айтылған адамгершілік, білім алу, ата-анаға құрмет турасында насихат айтып, ислам дінінде жастарға қатысты айтылған өсиеттерді жеткізді. 

Жастар көкейкесті сауалдарын қойып, қоғамдағы жастар арасындағы маңызды сұрақтарға дәлелді, нақты жауаптар алды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: