ДІН САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

ДІН САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігі "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы «Қазақ тілі: дін саласы қызметкерлеріне арналған оқу құралы» оқулығының таныстырылымын өткізді.

Қай салада болмасын барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерту және қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ету мақсатында өткен жиынға Жамбыл облысының аудан бас имамдары мен қала имамдары қатысты. 

Бұл оқу құралы қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін этностар мен діндердің өзара iс-кимылынын орныкты моделін калыптастыра отырып, мешіт имамдарының ұлттық-рухани құндылықтар арқылы ислам негіздерін қазақ тілінде игеруіне, сауатты және тиiмдi қызмет көрсетуіне бағытталған.

Бағдарлама жасау барысында дін саласының қызметкерлерімен бірге жұмыс жасалынып, оку құралы мен бағдарламасы Тіл саясаты комитетінің және Дін істері комитетінің сараптамасынан өтті. Бағдарлама бойынша оку курсы қыска мерзімді 50 сағатка әзірленген. Таратылымы 1000 данада шығарылып, республика көлемінде қолданылуға берілді.

Ұсынылып отырған оку құралы жеті модульден тұрады. Алғашқы модульде Әбу Ханифа мәзһабынын негiзi туралы, дін және оның ұлт тарихындағы орны, діннің негізгі идеясы мен ұстанымдарын қабылдау туралы түсінік қалыптастырса, келесi модульдерде ислам бойынша құқықтық негiздер, Құран Кәрім, хадис, мұсылманның парызымен жалғасып, Аллаға құлшылық етудiн маңызы мен мәнiмен қорытынды жасалады.

Оқу құралының әр бөлімі негізгі лексикалық тақырып бойынша жеңілден күрделігі ұласатын ой қозғау, пікір білдіру, өз ойын айту, сондай-ақ жаңа лексикалық қормен таныстыру, негізгі лексикалық тақырыпқа дайындық тапсырмаларын орындауға негізделген.

Тындаушылар сөйлеу біліктілігін жаттығулар арқылы жетілдіріп қана қоймай, тыңдап түсіну мен оқып түсiну қабiлетiн де қалыптастыра алады. Сондай-ақ мәтінмен жұмыс барысында грамматикалык элементтер қарастырылып, сөйлеу дағдысын сауатты қалыптастырып, өз ойын нақты, толық жеткізуге бағыттайтын тапсырмалар берілген.

Аталған оқу құралының лентасын "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек қиды. Тілдер басқармасы кітаптың бірнеше данасын мешіт кітапханасына және Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаевқа табыстады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: