#Меркі ауданы: Ислам дінін қабылдады

#Меркі ауданы: Ислам дінін қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайды. Бүгінде Ислам дініне бет бұрушылардың саны күн санап артып келеді.  

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітіне келген 22 жасар Анатоли есімді жігіт Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, Ислам дінін қабылдайтынын білдіріп мешітімізге келді. Осындай ағынан жарылып келген жанды  мешіт имамы Алпысбаев Есбол оның дінге келудегі мақсатын сұрап, оған Ислам діні туралы уағыз айтты.

Ислам діні жүрегіне жақын болып, өзінің шынайы мұсылман болуға деген талпынысы бар екенін байқаған Анатолиге мешіттің имамы кәлима шахадатты айтқызып,  Ислам дініндегі бес парызды түсіндіріп, «Намаз оқып үйренейік» кітабын сыйға тартты.

Алла Тағала Ислам дінін шынайы түсініп, мұсылман атанған барша бауырларымыздың табандарын дінде берік қылсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: