#Меркі ауданы: Құран оқудың пайдасы

#Меркі ауданы: Құран оқудың пайдасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбайдың ұстаздығымен мешіт жамағатына «Құра» дәрістері басталған болатын.

Шәкірттердің саны күн сайын көбейіп келеді. Бұлда ұстаздың еңбегі. Ілімге құштар шәкірттерге дәрісті бастамас бұрын мешіт имамы Тойлыбай ұстаз: «Құран – адамзатты екі өмірдің бақытына жетелейтін ең соңғы иләһи кітап. Он төрт ғасырдан бері үтір-нүктесі де өзгермеген Алла Тағаланың уахиі. «Хижр» сүресінде Алла Тағала «Шын мәнінде Біз зікірді (Құранды) түсірдік. Енді оны өзіміз сақтаймыз» дейді. Ал қазір біз бұл иләһи кітаптың Алла уәде еткендей, сан түрлі жолдармен сақталып отырғанын көзбен көріп келеміз. «Исра» сүресінде Алла Тағала: «Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды. Ізгі амалдарды жасаған мүміндерді үлкен сауаппен сүйіншілейді» деп, Құранның адам баласы үшін мәні мен маңызын айтып өтеді. Демек, Құран мұсылманды ең дұрыс, ең пайдалы, ең бақытты өмірге жетелейді. Құранмен өмір сүрген адамды Алла Тағала екі өмірде қор етпейді», - деп Құран Кәрімнің артықшылығы мен пайдасын айтып шәкірттердің жүрегін Құран оқуға ынталандырып отырады екен.

Алла Тағала Құран жаттап қари болып, ертелі-кеш Құранға амал жасайтын мұсылмандардың көп болуын нәсіп етсін!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: