#Шу: 30 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді

#Шу: 30 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кез келген қоғамда әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар болады. Әсіресе нарық заманында біреу ілгері, біреу кем тұрмыс кешіп жатады. Осы жандарға көмектесіп, Алланың разылғына ұмтылу мұсылмандық іс. 

Мұсылмандықтың келбеті болған Шу ауданы "Төле би" мешіті жанындағы "Төле би" қайырымдылық қорының демеушлігімен мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы аналарға арналған қайырымдылық іс-шарасы жасалды. Игі бастама аясында 30 отбасыға көмек берілді.

Отбасыларға азық-түлік, ет, сұйық май, ұн сынды ауқымды қажеттіліктер де табысталды. Қайырымдылыққа 600 000  теңге жұмсалды. Мешітке жиналғандарға имам Талғат Кәрібайұлы сабырлық турасында насихат айтып, Алланың шексіз мейірімділігін жеткізді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: