#Шу: 10 отбасыға көмек көрсетілді

#Шу: 10 отбасыға көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыздың(с.а.у.) Мәдина қаласында бұқара халықтың алдында алғашқы айтқан насихатының бірі де осы қайырымдылық жайында болды. Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен.

Осы игі бір дәстүрмен Шу қаласы "Төле би" мешітінде қайырымдылық науқаны ұйымдастырылды. Шара аясында 10 отбасыға азық-түлік жеткізіліп, қайырымдылық үшін 250 000 теңге қаражат жұмсалды. 

Қасиетті жұма күні намаздан соң мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы жамағатты ақшаны болмайтын дүниелерге жұмсап жібергенше мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасап, балаларды қуантуға ұмтылайық деп игілікке шақырды. Нәтижесінде, жомарт жандардың атсалысуымен әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасылар көмек алып, жүздері жадырап қалды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: