#Жамбыл: 717-ші тұрғын үй кілті табысталды

#Жамбыл: 717-ші тұрғын үй кілті табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Жалпақ төбе ауылында қуанышты оқиға орын алды. «Тұрғани» мешітінің имамы Рахматулла Каримов пен бірлігі жарасқан жамағатының ұйымдастыруымен аталмыш мешіттің наиб имамы Ахлиддин  Машуевке 5 бөлмелі үй сыйға тартылды.

Мешітте тапжылмай таңнан кешке дейін шәкірт оқытып, 200-ге жуық оқушы тәрбиелеп, халық үшін қызмет атқарып жүрген дін қызметкеріне көпшілік осылайша алғысын жеткізді. 

Тұрын үй кілтін табыстау рәсіміне ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы келіп, Жамбыл ауданының бас имамы Дәурен Құттыбаевпен бірге шаңырақ иелерін құттықтап, кілтті табыс етті. Отбасы мүшелерімен танысып, жас балаларға оқуда озат болуын тілеп, үйге береке, бақыт толсын деп дұға жасады.

Наиб имам қуанып, Аллаға шүкірлігін айтып ауыл тұрғындарына батасын берді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: