БАЙЗАҚ: «ЖЕТІМ КӨРСЕН ЖЕБЕЙ ЖҮР»

БАЙЗАҚ: «ЖЕТІМ КӨРСЕН ЖЕБЕЙ ЖҮР»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің іс басқарушысы Арман Ерболұлының ұйымдастыруымен «Жетім көрсең жебей жүр» атты қайырымдылық акциясы Тараз қаласындағы «Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында» өтті.

«Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» дейді қазақ халқы. Сауапқа толы, қайырлы жұма күнінде өткен берекелі шарада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 55 жеткіншекше «Жұмадан қайырым» үлестіріліп, тәтті базарлықтар мен сыйлықтар табысталды.  

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұлағатты сүннет қазынасында жетімдердің жайын ойлауға жігерлендіретін хадистер өте көп. Солардың кейбіреуінен мысал берер болсақ, «Бір жетім дастарханда елмен бірге отырса, дастарханына пәле жоламайды», «Құл мен жетімдерге көмек еткен кісі Алла жолында соғысқан немесе күндіз ораза ұстап, түнде ғибадат еткен кісі сияқты», «Кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, оның қолы тиген әр тал шашы үшін жақсылық болады», «Жетімдерге қамқорлық жасау әрбір саналы мұсылман жанның міндеті», - деген хадистер көптеп кездеседі. Алла баршамызға сауапты істерді жасауға нәсіп етсін! Әмин!

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: