«Шамахсутов» - «Үздік халал кәсіпорын» атанды

«Шамахсутов» - «Үздік халал кәсіпорын» атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Оны ғаламның 122 мемлекетінде өмір сүретін 1,5 миллиард мұсылман тұтынады. Халал өнімнің маңыздылығын түсінген халық арасында таңдаулы өнімдер де баршылық.

Сондай өнімдердің бірі Жамбыл облысында орналасқан «Шамахсутов» кәсіпорны. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2023» номинациясымен марапаттау рәсімі өткен болатын. Кәсіпорын аталған жиында «Үздік халал кәсіпорын» атағын иеленді. 

Халықтың адал ас ішуіне үлесін қосып, белсенділігінен танбай келе жатқан мекеме тұтынушылар арасына "Шах" атауымен танымал. Алланың адал асын ұсынған мұндай кәсіпорындар саны арта берсін. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: