#Меркі ауданы: Айлық дастархан жайылды

#Меркі ауданы: Айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Ақ Жол ауылдық мешітінің имамы Тайтелиев Нурмухамбеттің ұйымдастыруымен мешіт асханасында айлық дастархан жайылды.

Ақ дастарханға Меркі ауданына қарасты барлық мешіт қызметкерлері мен жамағттары шақырылды. Ақ дастархан басында аудан имамы Азамат Берікұлы бастаған имамдар тобы уағыз айтып, халықты рухани азыққа бөледі.

Артынша аудан имамы сөз сөйлеп: «Қазақ халқы – өте қонақжай. Қонақжайлық қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі. Ежелден қазақ халқы қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақ келсе дастарқан жайылып, дәмді тағамдар дайындалып, қазанда бауырсақ пісіп, ет асып жатады. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Осының бәрі үй иесінің адамгершілігін, имандығын, сыйластығын көрсетеді.

Міні аудан жамағаттарын өз құдаларын қарсы алғандай, асты-үстіне түсіп, дастарханды жайнатып, бала-шағаның үлкендердің қолына су құйып батасын алып, жас үлкен болсада ағаларымыз әр дастархан басында қызметте жүргені ең бірінші Алланың разылығы үшін, одан кейін Пайғамбарымыз с.а.с айтқанындай қонағын құрметтеп, сыйлауынан.

Ақ Жол халқының қонақ-жайлылық қасиетін мешіт қызметкерлері мен жамағаттары әлі ұзақ уақыт ауыздарынан тастамай айтып жүретін болады», - деп Ақ Жол халқының қонақ жайлылығына тәнті болып, бүкіл жамағаттың атынан алғысын білдірді.

Артынша Сұрат ауылының биі Жанпейісов Сәрсебай Ұзақбайұлы ақсақал бата беріп, елді аузына қаратып, өз лебізін білдіріп, Елімізге, Жерімізге дұға жасады.

Алла Тағала Ақ Жол ауылы тұрғындарының ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазып, отбастарына амандық, дендеріне саулық, кәсіптеріне береке берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: