#Меркі ауданы: Мешіт дәретханасы жаңартылуда

#Меркі ауданы: Мешіт дәретханасы жаңартылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың бастамасымен мешіт жанынан жаңа дәретхана бой көтеруде.

Мешіттің ескі дәретханасы 2-3 адамға ғана есептеліп салынған болатын. Жамағаттың артыуына байланысты жаңа дәретхананың құрылысы басталған болатын. Осыған дейін дәретхананың іргетасы құйылып, қабырғасы көтеріліп, іші-сырты сыланды. Бүгінгі таңда суы ішке кіргізіліп, газ құбырын жүргізіп, жылыту жүйесін орнатып, кәріз құбырлары жүргізілуде.

Осы игі іске атсалысып жатқан барша ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала мешітке қарайласып жүрген барша тұрғындардың ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: