#Меркі ауданы: Аллаға шүкіршілік ретінде ас берілді

#Меркі ауданы: Аллаға шүкіршілік ретінде ас берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқы қандайда қуанышты жағдайға тап болса, не жақсы хабар естісе ас беріп, елдің батасын алған халық. Осы орайда, Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінің ашылғанына бір жыл толуына байланысты мешіт ауласында ақ дастархан жайылып, ас берілді.

Мешіт салған кәсіпкер ағаларымыз осы күннің жетіп келгеніне орай, ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымызды құрметтеп, дастархан жайып,баталарын алуды ұйғарып, іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға барша ауыл тұрғындары атсалысып, дастархан басында бас қосты.

Ақ дастархан басында ауыл имамы уағыз айтып, ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, артынша Елімізге, Жерімізге дұға жасап тарқасты.

Алла Тағала осы игі іске атсалысқан барша бауырларымыздың ниетін қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: