#Рысұлов: Мәуліт жыры оқылды

#Рысұлов: Мәуліт жыры оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітінің имамы Омаров Ерғалидің ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде мәуліт жыры оқылды. Мәуліт жырын Тараз қаласы «Айсұлу ана» мешітінің имамы Ораз ұстаз оқыды. Сонымен қатар, ғибраты мол діни, рухани қойылымдар көрсетілді.

Мәулітке жиналған ауыл тұрғындары рухани азық алып, өз алғыстарын сөзбен жеткізе алмады. Рухани іс шараның артынан мешіт жамағаты арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті. Атап айтар болсақ, арқан тарту, қол күрес және гір тасын көтеруден бақ сынасты. Жарыс жеңімпаздарына жүлделі сыйлықтар табысталды.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: