Имамдар жанжақты болу керек. Компьютер тілін жақсы меңгеру заман талабы. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы №3 Байзақ колледжінде ауыл имам-молдалары компьютердің қыр-сырларын меңгерді. Апшапандыларға компьютерді қалай қолдану керектігін колледждің информатика пәнінің мұғалімі Бекмолдаева Қарлығаш Байкеқызы көрсетті.
Қанат Әділханұлы: «Ақпарат ағынының қарқыны басым мына дәуірде компьютер тілін жақсылап меңгеру – заман талабы. Бүгін сіз компьтерді қолданудың әдіс-тәсілдерін үйреніп қана қоймай, ақпарат алмасудың бір құралын бағындырған боласыз», - деді.
Жиын соңында имамдарымызға осындай мүмкіндік жасаған колледж басшылығына аудан бас имамы алғысын білдірді.