#Байзақ: ТАЛАҚ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

#Байзақ: ТАЛАҚ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл имам-молдаларына қоғамымыздың дертіне айналған талақ мәселесі түсіндірді.

Қанат Әділханұлы: «Исламда неке мынадай жағдайларда аяқталады. 1. Талақ; 2. Екі жақты ризалығы (мухалә); 3. Қазының үкімі; 4. Өлім; 5. Діннен шығу; 6. Ерінің әйеліне «зина жасады» деп айып тағып осы істі анықтау үшін ант ішулері (мулаанә»); 7. Төрт айдан астам уақыт әйелінен бөлек қалуға ант ішу (Илә).

Араб тілінен енген «Талақ» сөзі «ажырасу, некені бұзу» деген мағынаға келеді. Құранда талақ сөзі екі жерде кездеседі. «Егер олар талақ етуге ниет етсе», «Талақ екі мәрте». Сондай-ақ он шақты аятта «татлиқ» түбірінен шыққан сөздер берілген. Мысалы: «Ей, пайғамбар! Әйелдерді талақ еткілерің келсе ғиддат ішінде талақ етіңдер» дейді.

Ислам дінінде талақ ету тізгінін ер кісіге берген. Аят пен хадистерде берілген тәсіл осыны айғақтайды. Мұның екі негізгі себебі бар. Біріншіден, егер талақ ету тізгіні әйелге берілетін болса онда ажырасулар көбейіп кетер еді. Өйткені, әйелдер өте сезімтал халық. Ол кейде ашуланған яки мазасыз немесе сол секілді әр түрлі  жағдайларда сезімге беріліп күйеуін талақ етуі мүмкін. Оның үстіне талақ үш мәрте беріледі. Ендеше әйелге берілсе ол осы үш құқығын бір сәтте жұмсап жіберуі ықтимал. Тіпті күйеуі нашар, өзі аса сезімтал болса күнде талақ етуі мүмкін. Екіншіден, отбасының дүниелік жүгі ердің мойнына артылғандықтан, ол талақ мәселесінде аяғын аңдап басуға мәжбүр. Һәм Ислам дінінде ері әйеліне неке кезінде не болмаса одан кейін де талақ ету мүмкіндігін беруіне де болады.

Исламнан бұрын арабтар әйелдерін қалаған кезде талақ етіп, қалаған шақта қайта алатын. Отау құруды, шаңырақ көтеруді ойыншыққа айналдырған осы әрекеттеріне хақ дін тыйым салып, үш талақпен шектеген. Алла Тағала Құранда былай жеткізеді: «Талақ екі рет…», «егер ер әйелін үшінші мәрте талақ етсе, бұдан кейін оған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды», - деді.

   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: