Ауыл имам-молдаларының жұмысын бақылап отыру және жетілдіру басты міндет. Ауыл имам-молдаларының қызмет сапасын жақсарту мақсатында Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде жиналыс өтті.
Жиналысты Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы жүргізіп, ауыл имам-молдаларының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарының есебін тыңдайтын уақыт таяғанын еске салды.
Қанат Әділханұлы: «Сіздер жауапкершілігі мол қызметте жүрсіздер. Қызметті сапалы атқару әрқайсымызға міндет болып табылады. Бес уақыт намазда мешітте болу, жамағатпен көркем мәміле жасау, бесін-ақшам уағыздарын жүйелі айтып отыру, қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруміз керек», - дегенді айтты.