Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен ауыл жастары спорт залға жиналды. Жиналудағы мақсат жастардың спортқа деген құштарлығын оятып, өзара бірлік-ынтымақта болуға тәрбелеу болып табылады.
Шара барысында ауыл имамы Қанат Тұмарбекұлымен бірге ауыл жастары волейбол ойнаса, жан азығы боларлық имамның рухани ақыл-кеңестеріне қанықты.



16 Қараша 2026
5 Джумада-сани 1448

