Күндердің төресі болған қасиетті жұма күні Қордай ауданы «Қордай» мештінде «Жастардың діндегі орны мен тәрбиесі» тақырыбында уағыз айтты. Ұстаз исламда жастардың қоғамдағы рөлінің жоғары екенін айтып, олардың тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуге шақырды. Жастық шақты адам өмірінің ең маңызды бөлігі деп санап, оны бос өткізіп алмай, пайдалы іске арнау керектігі жайында тілге тиек етті.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Рұм» сүресі, 54-аятында: «Ол сондай Алла, сендерді әу баста әлсіз жаратты. Сосын әлсіздіктен кейін күш берді, сосын қайта күш-қуатыңды кемітіп, қартайтты. Ол қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол бәрін білуші, құдірет күштің иесі», – деп айтқан. Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) хадис шарифінде: «Бес нәрсе келместен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: қарттық келместен бұрын шастық шақтың, ауру келместен бұрын денсаулықтың, кедейлік келместен бұрын байлықтың, шұғылданбастан бұрын бос уақыттың және ажал келместен бұрын өмірдің қадірін біл», – деген (имам Бұхари, Термизи).
Елімізге атақты Нұрсұлтан ұстаздың келелі уағызын тыңдау үшін Қордай ауылы ғана емес, ауданның түпкір-түпкірінен ел-жұрт жиналды. Жиналған жұрт ұстаздың уағыз-насихатынан керемет әсер алды. Уағыз соңында жамағат ұстаздың дұғасын алып, өз алғыстарын білдірді.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі