Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе сауап болады.
Шариғатымызда адамзатқа пайдалы жеміс не тал отырғызылса, одан халық жемісін жесе, талдың көлеңкесін пана етсе оның қияметке дейін сауабы мол екені айтылған. Осындай сауапты істі жүзеге асыру мақсатында Қордай ауданы, кіші Сұлутөр ауылы «Сұлутөр» мешітінің молдасы Бедельбаев Базарбектің бастауымен мешіт саябағына ағаш отырғызылды. Сауапты амалға мешіт жамағаты, өрелі жастар белсене қатысты.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі