Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуген өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанмен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ «баламыз тез жүріп кетсін» деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандап той жасайды.
Баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр. Осыған байланысты, Елімізге танымал ұстазымыз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы ұстазымыз «Қордай» мешітінде енді қаз тұрып, енді қадам басып келе жатқан баланың тұсауын кесті. Артынан дұға тілеп, Баланың ізгі, Алла Тағаланың салиқалы құлдардан болуын тіледі.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі