Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде жұма уағызын жүргізді.
"Жастардың діндегі орны мен тәрбиесі" тақырыбында айтылған уағызда бас имам жас кезде жасалған құлшылықтың ерекшелігін тілге тиек етті
"Жастық шақ – қайтып келмейтін көктем, ағысы өзгермейтін өзен, сондай-ақ, аспанда тек бір рет қана жарқ етіп көрінетін жұлдыз. Осы бір құнарлы кезеңнің көктемінде жас топыраққа егін егіп үлгеріп қалмасаңыз күзде мол өнім күтпей-ақ қойыңыз. Жастық шақтың ең айқын ерекшеліктерінің бірі - рухани жетілу мен кемелдікті қабылдауға дайын болуы," - деді өз насихатында Бейбіт Әліпбекұлы.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ