Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Қайырымдылық – мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі.
Осыған орай Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешітінің молдасы Джиенбаев Нурлан Нурмаханович ауыл тұрғындарына ізгі іс жасады. Бұл айтулы ізгі амалға үш қой сойылып, тұрмысы төмен он жеті отбасыға таратылып берілді.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі



01 Сәуір 2026
13 Шавваль 1447

