#Қордай: Бақытұлы Нұралы ұстаз уағыз-насихат жүргізді

#Қордай: Бақытұлы Нұралы ұстаз уағыз-насихат жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы «Қордай» мешітінде «ҚМДБ» Рант мүшесі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстаз Нұралы Бақытұлы жиналған жамағатпен амандасып, қал жағдайларын сұрасып, артынша келелі уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз «Салиқалы ұрпақ» тақырыбында өрбіді. Парасатты, ізгі тәрбие – бұл ең әуелі баланың өз ата – анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал, еңбекқар, кішіпейілділік секілді ізгі қасиеттерді бойға сіңіру екендігін тілге тиек етті. Алла Тағала қасиетті Құранда «Фурқан» сүресінің 74 – аятында: «Олар (Рахманның тақуа құлдары): «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымын бер! Әрі бізді тақулардың алды қыла гөр!»-деп айтады.»

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) хадис шарифінде: «Адам баласы дүниеден өткен соң, оның амалының барлығы үзіледі, (тоқтайды) тек үш түрлі амалы үзілмейді: жария берген садақасы, артынан қалдырған пайдалы ілімі немесе оған дұға жасайтын салиқалы ұрпағы»- деген.

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: