#Шу: "Жәми" мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

#Шу: "Жәми" мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертең қасиетті жұма күні Шу аудандық "Жәми" мешітінің ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өткелі жатыр. ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының аудандағы ұстаздарының ұйымдастыруымен жасалып отырған шарада түрлі тәттілер, дәмді тағамдар мешітке келуші жамағатқа ұсынылмақ. 

Іс-шарадан жиналған қаражат аталған мешіттің жанынан бой көтеріп жатқан оқу ғимаратының құрылысына жұмсалады. "Игі іске мұрындық болып, атсалысамын деген қыз-келіншектерге есігіміз ашық" - дейді ұстаз Гүлжан Мақұлбек. Жәрмеңкеге тәттілер пісіріп, я сатып алып үлес қосамын деген Шулық тұрғындар бұл қайырлы істен қапы қалмасын. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: