Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев "Абубакір Сыддық" мешітінде жұма насихатын жүргізді. Көпшілікке "Ислам - әлемге түсірілген дін" тақырбында уағыз айтып, жамағатпен бірге намаз оқыды.
Адамзат баласын түрлі ұлт пен ұлыс етіп жаратуы – Алла Тағаланың хикметі. Әрбір ұлттың өзіндік ерешеліктері, тілдері мен салт-дәстүрінің айырмашылығы бар. Дін ислам әрбір ұлт өзінің салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, Алла Тағаланың әмірлеріне бағынып, тыйыл дегендерінен тыйылуға шақырады. Өйткені бұл дін бүкіл адамзат үшін түсірілген. Сонымен қатар исламда дінді бір ұлт жекешелеп алуына, өзін ғана тура жолда санап өзгені кемсітуіне жол берілмейді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі