Құрандағы ( بسم الله الرحمن الرحيم) бәсмәлә құранның аяты ма?

Құрандағы ( بسم الله الرحمن الرحيم) бәсмәлә құранның аяты ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам ғалымдары құрандағы «нәмл» сүресіндегі бәсмәлә құранның аяты екендігіне бір ауыздан келіскен. Бырақ әр сүренің басындағы бәсмәләға қатысты көптеген көзқарастар айтқан.

  1. Шафиғи мазхабы. Құрандағы бәсмәлә Фатиха сүресінің алғашқы аяты және басқада сүрелердің алғашқы аяты.
  2. Малики мазхабы. Құрандағы бәсмәлә Фатиха сүресі және басқада сүрелердің аятынан болып саналмайды.
  3. Ханафи мазхабы. Құрандағы бәсмәлә  сүрелердің алғашқы аятынан болып саналмайды, бәлки сүрелердің арасын бөліп тұрушы жеке дара аят болып саналады.

Дәлелдері:

  1. Шафиғи мазхабы. Абу Харайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: Егер «Әл-хамду» (фатиха сүресін) оқитын болсаңдар бәсмәләмен бастаңдар. Өйткені фатиха сүресі Құранның анасы, кітаптың анасы, теңдесі жоқ жеті аят. Ал бәсмәлә фатиха сүресінің бір аяты.
  2. Малики мазхабы. Айша анамыз былай дейді:  Пайғамбарымыз (с.а.с.) намазды тәкбірмен бастайтын және намаздағы қырағатты Әл-хамду (фатиха)мен бастайтын.
  3. Ханафи мазхабы. Абдулла ибн Аббастан жеткен хадисте былай дейді:  Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла тарапынан бәсмәлә түскенге дейін сүрелердің арасын бөлуді білмейтін.

Қорытынды. Мазхаб ғалымдарының келтірген дәлелдері, тұжырымдаған көзқарастары орынды. Алайда Ханафи мазхабының келтірген дәлелі қуаттырақ. Өйткені Ханафи мазхабы орта жолды ұстанған. Шафиғилер бәсмәләні Фатиханың және басқада сүрелердің аяты, Маликилер Фатиханың және сүрелердің алғашқы аяты емес десе,  Ханафилер орта жолды ұстанып «Бәсмәлә» Құранның аяты, бырақ сүрелердің алғашқы аяты болып саналмайды, бәлкім Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқандай сүрелердің арасын бөліп тұрушы аят. Анығын Алла білуші.

  1. Дарақутни риуаяты марфуғ хадис.
  2. Муслим риуаяты намаз бабында келген хадис.
  3. Абу Дауд риуаяты сахих сәнәд.

 Б.Пирназаров 

Меркі аудандық Меркі ата мешітінің наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: