Меркі ауданының әйел-қыздар секторына жауапты ұстаздар ауданға қарасты әйел-қыздар жамағатының басын қосып «Екі дүние сәруәрі» атты мәуліт кешін өткізді.
Іс-шараға жетекшілік еткен, аудандық «Меркі ата» мешітінің ұстазы Тилеубердиева Медина ұстаз және «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Назарбаева Бота ұстаз. Алдымен әйел-қыздар жамағаты «Өнер қырандары театырының» бағдарламасына қатысып, артынша арнайы Мәуліт кеші үшін жайылған ақ дастарханда бас қосты.
Іс-шара Пайғамбарымызды (с.ғ.с) еске алу, өнегелі өмірінен рухани уағыз-насихат жүргізу, әйел-қыздар жамағатының арасында бірлікпен сүйіспеншілікті нығайту мақсатында өтті.
Рухани кеш барысында діни викториналық сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, дұрыс жауап берген қатысушулардың барлығына сыйлық берілді.
Жиынға келген қонақтарымыз Мәуліт кешін ұйымдастырған ұстаздарға алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Алла Тағала осы игі іс-шараға демеушілік еткен барша азаматтардың ниетін қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі