#Шу: Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

#Шу: Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы "Ж.Жексенбай" мешітінің ұжымы мұқтаж жандарға әрдайым жәрдемші болып жүретіні көпке белгілі. Кезекті бір игі іс үйде науқасы және жас баласы отбасыға жасалды. 

Мешіт имамы Шүкәрәлі Бердібековтың мұрындық болуымен кәсіпкер азамат шаңыраққа 75 000 теңгелік бұйымдар көмек көрсетіп, құны 120 000 теңге болатын малын аталған отбасыға зекет деп атап табыстады. 

 Жанұя мүшелері мұндай жәрдемге шаттанып, жаны жомарт кәсіпкерге және әрнайым игі істе бастамашы болып жүретін мешіт имамына алғысын айтты. 

Мешіт ұжымы себепші боп мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасағанның күннің ертесі тағы бір кәсіпкер мешітте дәрістер өткізу үшін 3 парта, 8 орындық сыйлады. Ұжым бірден Діни сауат ашу курсына арналған сынып бұрышын ашты.

Ал үшінші бір жомарт жан мешітке 1 малын садақа етіп табыстап, имамдарын батасын алып қайтты. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: