#Тараз: Мешіт шәкірттерімен ашық сабақ өтікізілді

#Тараз: Мешіт шәкірттерімен ашық сабақ өтікізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешіті жанындағы діни сауат ашу курсының ұстазы Жайна Бекназарова  білім күні қарсаңында "Шариғи ілімдердің маңызы және Құранның қадірі" тақырыбында шәкірттерімен ашық сабақ өткізді. Шәкірттерді мешіт дәрістеріне ынталандыру, діни ілім алуға қызықтыру және  Құранды сауатты оқуды үйрету мақсатында жасалған шараға 28 шәкірт қатысты. Ашық сабаққа қонақ ұстаз Айдана Қожантаева келіп қатысып, шәкірттермен білгенімен бөлісіп, тәлімін айтып, мешіттен аяқ үзбеуге үгіттеді.

Шәкірттер өз кезегінде ілім-білімнің маңыздылығы туралы аят -хадистермен қатар, мақал - мәтелдер айтып жарысты. Ашық сабақта шәкірттерге ынталандыру мақсатында сыйлықтар берілді. Шәкірттер арасынан көпбалалы аналарға мектеп құралдарынан қоржындар таратылып, ашық сабақ көңілді аяқталды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: