Қордай ауданы, Жамбыл ауылы «Ал-Хафиз» мешітіне жаңа имам тағайындалды. Ауданның бас имамы жұмаға келген көпшілікке, «Талақ- Алла сүймейтін іс» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Насихат соңы бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, келген жамағатқа таныстырды.
Айта кетейік, Нұрбай Айтөре Нұрбайұлы 2016-2019 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «Орал» медресесін Исламтану мамандығы бойынша бітірген. 2019-2021 Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы «Әзілхан- Ишан» мешітінде имам қызметін атқарды. 2022 жылдан бері Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы «Сарықұл қожа»мешітінде имам қызметін атқарған.
Қордай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі