Мароккодағы жер сілкінісі 12 ғасырдағы аты аңызға айналған мешітке қатты зақым келтірді

Мароккодағы жер сілкінісі 12 ғасырдағы аты аңызға айналған мешітке қатты зақым келтірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мароккодағы жойқын жер сілкінісі аймақтың басты тарихи көрікті жерлерінің бірі – ортағасырлық жаулап алушылардың әулеті салған мешітке айтарлықтай зиян келтірді.

Тинмел мешітін 12 ғасырда Марракешті жаулап алған Альмохад әулеті салған. ЮНЕСКО мәліметінше, Мароккода болған жер сілкінісі салдарынан Тинмел мешіті жартылай құлаған. Ғимарат Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге үміткер болып саналды.

Тинмел мешітінің ғимараты қабырғалары тегіс бекініске ұқсайды. Мешіттің туристерді қызықтыратын ерекшелігі – оның тақа тәрізді көптеген аркалары, деп хабарлайды IslamNews . Марокко ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, жер сілкінісі 2500-ге жуық адамның өмірін қиып, одан да көп адам жараланған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: