Канаданың Саскачеван провинциясындағы мұсылмандар жергілікті билікпен 10 жылдан астам «төбелескен» соң ақыры мешіт салуға рұқсат алды, деп хабарлайды IslamNews Leader Post басылымына сілтеме жасап. Провинцияның әкімшілік орталығы Регина қаласының мұсылман қауымы мешіт салуды сонау 2012 жылы ойластырған.
Бастапқыда жергілікті мұсылман ұйымы қала сыртындағы жер телімін иемденгісі келді, бірақ жергілікті шаруалар жерді егіншілік үшін сақтап қалды. 2017 жылы мұсылмандар өндірістік аймақта мешіт салуға рұқсат алған. Алайда, жер зерттеулері топырақтың көмірсутегімен қатты ластанғанын көрсетіп, рұқсат қайтарып алынған. 2018 жылы діни ұйым ақыры 3 миллион долларға жер сатып алып, оның үстінде тұрған барды бұзды.
Одан кейінгі жылдары мұсылмандар құрылысты жергілікті билікпен келісіп, қаржы жинаумен айналысты. Ақырында, жоба өзінің соңғы түріне ие болды – жаңа мешітте 1000 адам сияды, онда кітапхана, имам кабинеті, акт залы, асхана, фуд-корт және мәжіліс залы болады. Ұйым президенті Мухаммад Аслямның айтуынша, жаңа мешіт «қоғам ұяшығына» айналып, 2024 жылы есігін айқара ашады.