Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің салынғанына 20 жылдық мерей-тойына орай аудан имамдарының арасында кіші футболдан турнир болып өтті. Жарыс ауданның бас имамы мен Әлжан ана ауыл ақсалының ізгі тілегімен басталды.
Жарысқа Қордай ауданына қарасты 4 аймақтың имамдар командасы қатысты. Имамдар арасындағы ынтымақты арттыратын қоғамдық іс-шараға дін қызметкерлері белсенділік танытты. Сайыста озып шыққан Қордай ауданы имамдар командасы біріншілікті алып, кубокка ие болды. Екінші орынды екінші аймақ (Алматы жолы аймағы) имамдары иеленді.Ал үшінші орынға Сортөбе ауыл имамдары қол жеткізді. Жарысқа қатысқан имамдарға қаржылай сыйлықтар табысталды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі