Имам, ұстаздардың діни біліктілігін дамыту, саралау мақсатында өткізіліп жатқан кезекті Республикалық аттестаттаудың екінші күні өтуде.
Кеше Жамбыл облысына қарасты Меркі және Шу аудандары сынақ тапсырған болса, бүгін Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл және өңірдің орталық мешітінің дін қызметкерлері емтиханнан өтуде.
Мамандар электронды нұсқада тестке жауап беріп болған соң еліміздің білікті дінтанушыларынан құралған комиссия мүшелерінің алдында ауызша сұрақтарға жауап беруде.
Комиссия мүшесінің құрамында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев имам, ұстаздардан сынақ қабылдап жатқанын еске сала кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі
<img